Алдағы демалыс күндері және келесі аптаның басында еліміз алмасып келетін атмосфералық фронттар мен антициклонның ықпалында болады. Ауа-райы көбінесе бұлтты, жауын-шашынды және аракідік ашық болады деп болжанып отыр, деп хабарлады Қазгидромет.
Ауа температурасы солтүстікте төмендеп, батыс, шығыс, оңтүстік және орталық өңірде жоғарылап, іле-шала күн қайта суытады. Жалпы температура нормадан жоғары болады, тек батыста ғана нөлге жуық және 2-3ºС нормадан төмен болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу