Алдағы күндері Қазақстанның ауа-райын оңтүстік циклон қалыптастырады, онымен өткінші жаңбыр сақталады, 27 шілдеде Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, 28 шілдеде Абай облысында, 29 шілдеде Шығыс Қазақстан облыстарында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ауа температурасы еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнде +8+13°С дейін, күндіз +15+25° дейін, шығыста күндіз +23+32°С-қа дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі, қалған облыстарда күрт өзгерістер болжанбайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу