Демалыс күндері оңтүстікте 46 градусқа дейін аптап ыстық сақталады

539

Қазгидромет синоптиктері 23-25 шілде аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Демалыс күндері оңтүстікте 46 градусқа дейін аптап ыстық сақталады

Республика аумағының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады.

25 шілдеде елдің солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, дауыл соғып, бұршақ жауады.

Еліміздің оңтүстік-шығысында ғана үш күн бойы жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады.

Күндізгі уақытта республиканың батыс жартысында ауа температурасы +27 +42°С-тан +23 +35°С-қа дейін төмендейді.

Ал елдің солтүстік-батыс, орталық өңірлерінде ауа температурасы аздап көтеріледі. Мұнда термометрлер + 25 +38°С белгісіне жетеді. Республиканың солтүстігінде, шығысында болса температуралық фон +22 +30°С-қа, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +34 + 46°С дейін өте қатты ыстық сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу