Демалыс күндері солтүстік өңірлерде 35 градус аяз болады

123

"Қазгидромет" алдағы күндерге ауа райы болжамын ұсынды.

Демалыс күндері солтүстік өңірлерде 35 градус аяз болады Фото: Pixabay.com

"Қазгидрометтің" мәліметіне сүйенсек, демалыс күндері, яғни, 24-26 қаңтар аралығына Қазақстанның біраз бөлігін аяз басады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райы Атлантика аймақтарынан жылжып келе жатқан циклон мен белсенді атмосфералық фронттардың ықпалында болады.

Сондықтан, елдің басым бөлігінде оңтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады, боран соғып, жел күшейеді. Ал солтүстік өңірлер қатты аяздың ықпалында болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу