Демалыс күндері солтүстік пен шығыс өңірлерде боран тұруы мүмкін

847

Демалыс күндері солтүстік пен шығыс өңірлерде боран тұруы мүмкін

Қазақстанның батыс, орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа-райын  антициклон белгілейтін болады, сондықтан осы жерлерде басымырақ жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі, деп хабарлады Қазгидромет.

Республиканың солтүстігі мен шығыс облыстары бұрынғысынша  фронттар ықпалының аймағында болғандықтан, онда қар жауып, боран соғады.  Суық түскендігіне қарамастан, Қазақстанның көп бөлігінде ауа температурасы  климаттық нормаға жуық және кей жерлерде  2-4ºС жоғары болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу