Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

2174

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Алдағы үш күнде елордада қар жауып, жел соғып, аяз болады, деп хабарлайды Елорда Инфо "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, 1 желтоқсанда көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 5-10, ал таңертең және күндіз 14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -20-22°С, күндіз -13-15°С болады.

2 желтоқсанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғып, 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -16-18°С, күндіз -11-13°С.

3 желтоқсанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан соққан жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -15-17°С, күндіз -11-13°С болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу