Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

598

Алдағы күндері республиканың көп бөлігінде бұлтты, жаңбырлы және суық болады

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

"Қазгидромет" РМК 2-4 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері республиканың көп бөлігінде бұлтты, жаңбырлы және суық болады.

Солтүстікте, шығыста, орталықта кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, Жетісу және Алматы облыстарының таулы аудандарында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын жаңбыр мен сулы қар түрінде күтіледі, найзағай, бұршақ, екпінді жел болады.

Бұл аймақтардағы ауа температурасы түнде 5-12, күндіз 13-20 жылы, түнде таулы аймақтарда 0-5 жылы болжанады.

Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ашық ауа-райы, салыстырмалы түрде қолайлы температуралық фонмен сақталады. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады деп болжануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу