"Демалыс OFF-line "Мектеп жанындағы лагері" жобасы жүзеге асырылуда

1302

Биыл Павлодар облысында 105 мыңнан астам оқушы жазғы демалыспен қамтылады.  

"Демалыс OFF-line "Мектеп жанындағы лагері" жобасы жүзеге асырылуда

Өңірде 1-10 сынып оқушыларының 99,9 пайызын жазғы демалыспен қамту жоспарланған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 2020 жылғы жазғы каникул кезеңінде өңірдегі эпидемиологиялық жағдай шарттарында балаларды жазғы демалыспен дәстүрлі немесе қашықтық форматта қамту бағдарламасы әзірленді.

"Биыл ұйымдастырылатын демалыс, сауықтыру және бос уақытты қамтумен 105 мыңнан аса оқушыны немесе 1-10 сынып оқушыларының жалпы санынан 99,9% қамту жоспарланған. 5587 оқушыны еңбекпен қамту жоспарланған. Оның ішінде орманшылықтарда – 193, кәсіпорындар мен ШҚ – 3472 жоғары сынып оқушыларының еңбек отрядтарында – 1922", – деді баспасөз қызметінде.

Бүгінде өңіріміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты балаларды жазғы демалыспен онлайн форматта қамту бойынша жұмыс басталды. Білім беру басқармасы жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар, балалардың бос уақытын қамтамасыз етуге және үй жағдайында жұмыспен қамтылуын үйлестіруге бағытталған қашықтық жобалар кешенін әзірледі.

Басқарманың хабарлауынша, облыстың қосымша білім беру ұйымдары "Демалыс OFF-line "Мектеп жанындағы лагері" облыстық қашықтық жобасын іске асыруда. Сонымен қатар, әрбір аудан мен қалада балалардың демалысын онлайн форматта қамтамасыз ету бойынша өзіндік жобалар іске қосылды.

"Балаларды музыкалық аспаптарда ойнауға үйрету бойынша тегін онлайн курстар, қызығушылықтары бойынша тақырыптық сабақтар, әңгімелесу сағаттары, шығармашылық кездесулер, топтық шеберлік сағаттар, мұражайға және қасиетті орындарға виртуалды экскурсиялар, байқаулар, викториналар, спорттық жарыстар ұйымдастырылуда", – деді басқармадан.

Фото: miridei.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу