Демалыс пен спорт саласындағы қызмет көлемі 416,6 млрд теңгеге жетті

522

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35%-ға артық.  

Демалыс пен спорт саласындағы қызмет көлемі 416,6 млрд теңгеге жетті Фото: egemen.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, осы жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында елімізде спорт, демалыс және ойын-сауықты ұйымдастыру саласында көрсетілген қызмет көлемі 416,6 млрд теңгеге жетті, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, республика бойынша қызмет көрсетудің ең үлкен көлемі Алматы қаласында тіркелді (238,7 млрд теңге). Үштіктер қатарында Астана қаласы (49,7 млрд теңге) мен Маңғыстау облысы (11,2 млрд теңге) бар. Көрсетілген қызметтің ең аз көлемі Абай облысына тиесілі (2,7 млрд теңге).

Осы жылдың алғашқы үш тоқсанында фитнес-клубтар саласында көрсетілген қызмет көлемі 29,7 млрд теңгені құраған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу