Демалыс және спорт саласындағы қызмет бір жылда 17,4%-ға қымбаттады

381

2023 жылғы қаңтар-маусым аралығында спорт, демалыс және ойын-сауық саласындағы қызмет көлемі 334,9 млрд теңгені құрады. 

Демалыс және спорт саласындағы қызмет бір жылда 17,4%-ға қымбаттады Фото: отель Алматы

Былтырғы сәйкес кезеңге қарағанда ақшалай мәнде 31,5%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Өңірлік бөліністе қызмет көлемінің жартысынан астамы Алматыда тиесілі: 180,7 млрд теңге. Одан кейінгі орында Астана орналасты (39,1 млрд теңге). Қалған өңірлерде сектордағы қызмет көлемі Ұлытау облысында 1,7 млрд теңгеден Қарағанды облысында 12,8 млрд теңгеге дейін өзгереді.

Сектордағы қызмет құрылымында ең үлкен көлем спорт клубтарының қызметінде тіркелді: 18,4 млрд теңге. Айтарлықтай көлем спорт ғимараттарын пайдалану (17,6 млрд теңге), фитнес-клубтардың қызметі (16,1 млрд теңге) және ойын-сауық және тақырыптық парктердің қызметіне (12,4 млрд теңге) тиесілі.

Биылғы үшінші тоқсан қорытындысы бойынша демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтердің бағасы бір тоқсанда 4,1%-ға, бір жыл ішінде 17,4%-ға артты.

Ең жоғары қымбаттау Жетісу облысында тіркелді: 42,9%. Антилидерлер қатарында Түркістан (38,5%-ға) және Батыс Қазақстан (27,4%-ға) облыстары бар. Сектордағы бағаның ең аз өсімі Атырау (6,6%-ға) және Қостанай (7,6%-ға) облыстарында тіркелді.

Секторда балалар аттракциондарының қызметтерінің бағасы ең көп қымбаттады: 23,5%. Бұдан бөлек мектеп жасындағы балаларға арналған бассейн абонементтері мен спорт секцияларындағы сабақтардың бағасы да айтарлықтай артты. Спортзалға жазылу және музыканы оқыту сабақтары тиісінше 12,3% және 6,4% қымбаттады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу