Өз жетістіктерімен ерекшеленген, балалар қозғалысының көшбасшылары және батыр балалармен кездесуде оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан сүйікті шығармасы ретінде қазақстандық жазушы Бердібек Соқпақбаевтың "Балалық шаққа саяхат" кітабын атады.
Кітаптың құндылығы мен оқудың маңыздылығына мән берген оқушылардың "Демалыста кітап оқимыз" республикалық челленджіне бастамашылық етті және оған барлық оқушыларды қатысуға шақырды.
Сіздер де #демалыстакітапоқимыз хэштегімен әлеуметтік желілерде әдебиет және кітап оқу бойынша бейнероликтер түсіруге қатыса аласыздар. Ұнататын кітаптарыңызбен, сүйікті шығармаларыңыздың үзінділерімен және кітап оқу мен әдебиет туралы жеке ойларыңызбен бөлісіңіздер.