Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, бизнес нысандары шектеусіз жұмыс істеуі үшін халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Бұл туралы үкімет отырысында айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.
"Сары аймақтағы Нұр-Сұлтан қаласында үй-жайларда демалыс күндері көпшілік қатысатын іс-шаралар жүргізіледі. Медициналық маска тағу, әлеуметтік қашықтық талаптары сақталмайды. Бұл астанада инфекцияның одан әрі таралуына алып келіп отыр. Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және бизнестің шектеусіз жұмыс істеуі үшін бизнес нысандарында санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет екенін тағы еске саламыз", – деді министр.
Оның келтірген мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанда тек елорда сары аймақта. Қалғандары жасыл аймақта. Жалпы коронавирус жұтыру көрсеткіші астана мен Қарағандыда кейінгі кезде жоғарылаған, ал вакцинация мен ревакцинация көрсеткіші төмендеген.