Қазақстанда 3 адамнан қауіпті тырысқақ вирусы анықталды. Белгілі болғандай екеуі Ресей, ал біреуі Қырғызстан елінің азаматы, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Олар Делиден Алматы халықаралық әуежайына аялдап, келесі рейспен сапарын жалғастырмақ болған. Алайда қызметкерлер, сол мезетте 77 мыңға жуық жолаушыны бақылауға алды. Абырой болғанда инфекциялық ауру тарап үлгермеген. Мамандар болса, әлемде тырысқақ ауруына шалдыққандардың саны артып келеді дейді. Ал олардың басым көпшілігі осы дерттен көз жұмады. Қазақстандықтар шетелге шыққанда нені ескеруі керек?
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу