Демеу Жадыраев анасымен бірге Жетісу облысының әкімі сыйлаған жаңа үйге барды

648

Жаңа үй заманауи жиһаздармен, тұрмыстық техникамен толық жабдықталған. 

Демеу Жадыраев анасымен бірге Жетісу облысының әкімі сыйлаған жаңа үйге барды Фото: Жетісу облысының әкімдігі

Бүгін Парижде өткен жазғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Демеу Жадыраев пен анасы Күлипа Бижанова Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев сыйға тартқан Жаркент қаласындағы жаңа үйге барды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кеше облыс әкімі Күлипа Бижановаға Қазақстанның мақтанышына айналған батыр ұлды тәрбиелеп өсіргені үшін алғыс айтып, тұрғын үй кілтін салтанатты түрде тапсырған болатын.

Бұл өз кезегінде Күлипа Бижанованың қолайлы жағдайда өмір сүруіне үлкен септігін тигізеді. Демеу Жадыраев бұл үйдің анасына жылы ұя, жайлы мекен, ал өзі үшін қуана-қуана келетін сүйікті шаңырағы болатынын атап өтті.

Салтанатты қабылдау кезінде облыс әкімі Бейбіт Исабаев:

"Алып анадан туады", халқына лайықты перзент бола білген осындай ер азаматты тәрбиелеп өсіргеніңіз үшін ең алдымен, Демеудің анасы, Сізге алғысымызды білдіреміз. Құрметтің үлкені, сыйдың төресі ең бірінші анаға жасалуы керек", - деген болатын.

Жадыраевтар отбасы Демеудің спорттағы қажырлы жолының және алдағы жетістіктерінің белгісіндей болған жаңа үйге көшуді бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу