Демеу Жадыраев мемлекеттен берілетін сыйақыны қайда жұмсайтынын айтты

440

"Бұл отбасымыздың қорына, бюджетіне түсетін ақша болмақ".

Демеу Жадыраев мемлекеттен берілетін сыйақыны қайда жұмсайтынын айтты Фото: ҰОК

Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев олимпиададағы жетістігі үшін мемлекеттен берілетін қаржыны әлі алмаған. Түскенде отбасымен ойланып шешетіндігін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Грек-рим күресінен Париж олимпиадасында күміс жүлде иеленген Демеу Жадыраев мемлекеттен берілетін сыйақыны қайда жұмсайтынын әлі шешпегенін айтты.

"Әлі мемлекеттің беретін сыйақысын алған жоқпыз. Алдымен сыйақыны алайық, сосын көре жатармыз. Бұл отбасымыздың қорына, бюджетіне түсетін ақша болмақ. Сондықтан отбасымызбен ойланып, көре жатамыз. Қажетті орындарға жұмсаймыз", – деді Демеу.

Айта кетейік, Демеу Жадыраев Париж олимпиадасында 77 келі салмақта ақтық сынға дейін жетіп, алтын жүлде үшін белдесуде жапониялық Нао Кусакадан жеңіліп қалған еді.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу