Париж Олимпиадасында 77 келі салмақта грек-рим күресінен күміс жүлде иеленген Демеу Жадыраевты жерлестері сән-салтанатымен қарсы алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Орталық алаңға жиналған жұрт Демеу Жадраевты құттықтап, ақсақалдар ақ батасын берді. Жаркент жұртшылығы атынан Демеудің анасы Күлипа апамызға, жаңа үйдің кілті табыс етілді.
Демеудің өзіне және қос бапкеріне темір тұлпар мінгізді. Қаржылай сертификат берілді.
Жүлдегердің құрметіне арналған шара Демеу Жадыраевтың кіндік қаны тамған Үшарал ауылында да жалғасын тапты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу