Демеушілер ауруханаға 13,5 млн теңгенің құрал-жабдықтарын сыйлады

1368

Аппарат пневмонияны емдеудің барлық кезеңдерінде қолданылады. 

Демеушілер ауруханаға 13,5 млн теңгенің құрал-жабдықтарын сыйлады

Бір топ жеке кәсіпкер Алматы қаласының И.С. Жекенова атындағы Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына пневмонияны емдеу кезінде қолданылатын медициналық құрал-жабдықтарды сыйға тартты, деп хабарлады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.

"Жұқпалы аурулар ауруханасына арналған құрал-жабдықтарды сатып алу бойынша қайырымдылық акциясы қазақстандық "Spectr Holding" ЖШС компаниясының және оның серіктестері мен қала тұрғындары қайырымдылыққа жинаған қаражаттары есебінен жүзеге асырылды. Өкпе ауруларын емдеуге арналған құны 13,5 млн теңге тұратын медициналық жабдық (BARK VibroLUNG) аурухана мамандарының кеңесі бойынша сатып алынды", – деді басқармада. 

Бұл аппаратты SARS-CoV-2 инфекциясы тудырған пневмонияны және респираторлық дистресс синдромын, жай-күйі ауыр пациенттерді емдеудің барлық кезеңдерінде қолдануға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу