Демеушілер есебінен әлеуметтік жағынан осал 25 отбасының үйі газға қосылды

533

Түрксіб ауданында 19 мыңға жуық тұрғынның үйлеріне су мен кәріз жүргізіледі.

Демеушілер есебінен әлеуметтік жағынан осал 25 отбасының үйі газға қосылды

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Наиль Лебаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ауыз су және кәріз мәселелері қалай шешіліп жатқанын айтты, деп жазады inbusiness.kz Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпаратына сүйеніп. 

Екінші жыл ауданда 2020-2024 жылдарға арналған "Жаңа Алматы" шет аймақтарды дамытудың кешенді жоспары белсенді жүзеге асырылуда.

Наиль Лебаев өткен жылы Әлмерек, Қайрат, Нұршашқан сияқты үш шағын ауданда 2500-ден астам үйді қамтыған сумен жабдықтау және судан бұру желілерінің құрылысы аяқталғанын еске салды.

"Осы жылдың наурыз айында Төменгі Пятилетка ауданында 4 120 үйді қамтитын сумен жабдықтау және судан бұру желілерінің құрылысы басталды, онда 16 000-нан астам тұрғын тұрады. Желілерді салуды 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар Жас Қанат шағын ауданында монтаждау жұмыстары жүргізілуде, онда 2 500 тұрғынды қамтитын 530 үйге су жүргізіледі. Жұмыстар осы жылдың соңында аяқталады", – деді Н. Лебаев.

Сонымен қатар Закарпатская көшесі бойында су құбыры және судан бұру желілерінің құрылысы жүргізілуде (70 абонент), қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер жүргізілуде, аяқталу мерзімі – 2022 жылдың қыркүйек айы. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Шуақты шағын ауданында (400 абонент) су құбыры мен кәріздің тарату желілерінің құрылысы басталды. Жұмыстарды 2023 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Аудан әкімінің орынбасары Маяк шағын ауданында су құбыры және кәріз желілерінің құрылысына ЖСҚ әзірлеу туралы да айтып берді. Сондай-ақ, су Қайрат шағын ауданына, Бұқтырма көшесінің оңтүстігіне (Шығыс қақпасы) өтеді. Әлмерек шағын ауданында 261 үйге су және 517-ге судан бұру желілері тартылады.

Наиль Лебаев тұрақты электрмен жабдықтауға байланысты мәселелерді назардан тыс қалдырған жоқ.

Оның айтуынша, "Тұздыбастау" қосалқы станциясының құрылысы жалғасуда. Іске қосу мерзімі – 2023 жылдың 1-ші тоқсаны. Соның нәтижесінде бұл мәселелер Қайрат және Нұршашқан шағын аудандарында жойылатын болады. Жыл соңына дейін Әлмерек, Нұршашқан, Шуақты шағын аудандарының ішінде электрмен жабдықтаудың тарату желілері салынады.

Сөз соңында спикер Түрксіб ауданы магистральдық газ желісімен 99% қамтылғанын хабарлады. Ауданда барлығы 25 128 жеке меншік үй, оның ішінде 24 963 үй газдандырылған. 165 үй газға қосылмаған болып қала береді. Бұл ретте 95-ке газ магистралі тартылды, оның ішінде 19 үй қосылу сатысында, 76 үйде объективті себептер бойынша мердігерлік ұйымдармен ішкі монтаждауға арналған шарт жоқ жер (учаскелерінде құрылыстардың болмауы, аяқталмаған құрылыстар, уақытша құрылыстар, заңдастырылмаған үй құрылыстары).

Жеке инвестициялар есебінен жаңадан салынған 70 үйге газ магистралінің құрылысы жүргізілуде, аяқталу мерзімі – 2022 жылғы қыркүйек. Бұл ретте демеушілер есебінен өткен жылы әлеуметтік жағынан осал 25 отбасының үйі газға қосылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу