Demo Day 02/23 стартаперлерге жаңа мүмкіндік сыйлады

291

27 қазан күні IITU Innovation бизнес инкубация бағдарламасының қорытынды іс-шарасы – Demo Day 02/23 өтті.

Demo Day 02/23 стартаперлерге жаңа мүмкіндік сыйлады Фото: Demo Day

Demo Day – бұл стартап-кәсіпкерлер үшін өздерінің инновациялық жобаларын көпшілікке және әлеуетті инвесторларға таныстырудың бірден-бір мүмкіндігі. IITU Innovation – Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университетіндегі (ХАТУ) инкубация бағдарламасын өткізетін бизнес-инкубатор. Бағдарлама аясында түрлі бағыттағы стартап жобалар жүзеге асырылды. Атап айтқанда,  MedTech, EdTech, FinTech, RoboTech, GameDev, әлеуметтік бағыт. Инкубациялық бағдарламаның арқасында қатысушыларға бірегей ұсыныстар түскен. Мысалы, "Yourbandy" жобасы "Кazbroker Invest" компаниясының басшысынан шақырту алды.

“QazInnovations” инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі” және ХАТУ-дың қолдауымен IITU Innovation орталығы 3 ай бойы тегін инкубациялық бағдарламаның екі ағымын өткізді. Аталмыш Demo Day 02/23 – инкубацияның екінші ағымының қорытынды іс-шарасы. Онда жобаларды қорғау, кофе-брейк және нетворкинг ұйымдастырылды. Ал "Unihub" және "Payda" компаниялары іс-шараның сәтті өтуіне демеу көрсетті.

Жоба қорғау үшін жеті минут уақыт бөлінді. Оның ішінде презентацияға төрт минут, қазылар алқасының сұрақтарына екі минут және бағалауға бір минут берілген. Стартаперлер әртүрлі бағыттағы жобаларды көрсетті: туризм, білім беру, геймификация және т.б. Қатысушылардың біразы дайын прототиптерін көпшілікке таныстырып, басқалардан ерекшеленді. 

"QazInnovations" мониторинг орталығының бас сарапшысы Азим Гусейновтің айтуынша, қатысушылар қобалжығанымен, қазылар алқасының назарын өздеріне аудара білген:

"Стартаперлердің дайындық деңгейі жоғары. Барлық қатысушылар жеке-дара идеяларын алып шықты. Бірақ, экономикалық тұрғыдан кемшіліктер байқалады. Әрдайым жобаның кіріс-шығыс деңгейін негізге алу керек",-деп айтты сарапшы.

Іс-шара номинанттарды марапаттау рәсімімен аяқталды. Сонымен, Жайлаубайқызы Балнұрдың қыздарға арналған толық форматты курсы “JasGalym” жобасы “Best Social Impact” номинациясын иеленді. “The Most Innovating” номинациясын Ли ДананыңҚазақстан тарихын пайымдайтын 3D ойын “Qaz RPG game” жобасы алды. Ал Ғазиз Қайсардың “ISTUDY” ҰБТ-ға дайындалуға арналған веб-платформасы “Exponential Growth” номинациясына, Маханбет Ерсеріктің “RFID Kassa” - RFID технологиясына негізделген инновациялық кассалық аппарат жобасы “Best Student Project” номинациясына ие болды. Сондай-ақ Байжұма Жандостың “Quantum ERP”- баспаханада сату процестерін оңтайландыру жобасы үздік атанған. Жеңімпаз: "Әрине, жеңіске жету қашан да жағымды сезім. Дегенмен, нағыз жұмыс енді басталмақ. Ендігі басты мақсат - стартапты жүзеге асыру үшін QazInnovations- тен қаржылай қолдауға ие болу",-деп алдағы жоспарларымен бөлісті.

Қатысушылардан бөлек инвесторларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Кейін барлығы кофе-брейкте пікір алмасып, стартаперлер инвесторлардан кеңес алды. "QazInnovations" перспективалық даму орталығының директоры Данияр Бектенов Demo Day-дің өту деңгейі жайлы сөз қозғап, өзіне ерекше ұнаған жоба туралы:

"Іс-шара әдеттегідей жоғары деңгейде өтті. Ауқымды жұмыс атқарылғаны көрініп тұр. Әсіресе, RFID Kassа жобасын атап айтар едім. Жастардың болашағы зор, прототиптері де бар. Енді тек әрі қарай дамыту керек",- деп баға берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу