Демографиялық дивиденд алу үшін бала тууға басымдық беру қажет – Ләззат Сүлеймен

848

Халықтың репродуктивті денсаулығына ерекше назар аударылуға тиіс.

Демографиялық дивиденд алу үшін бала тууға басымдық беру қажет – Ләззат Сүлеймен

Соңғы онжылдықта Қазақстан халқының саны 2 млн 400 мың адамға немесе 15,1%-ға өсті. Бұл туралы сенаттың жалпы отырысында айтылды.

Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетовке депутаттық сауал жолдаған халық қалаулысы Ләззат Сүлеймен демографиялық дивиденд алу үшін мемлекет адам капиталын дамытуға бағытталған саясат ұстануға тиіс екеніне тоқталып, бала тууды дамытуға басымдық беру маңызды әрі өзекті екенін алға тартты.

"Мақсатқа жету үшін халықтың репродуктивті денсаулығына ерекше назар аудару керек", – деді депутат.

Оның сөзінше, елімізге  2020-2030 жылдарға арналған демографиялық қауіпсіздік саясатын жүйелейтін мемлекеттік бағдарлама қажет.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу