Демократтар 1992 жылдан бері алғаш рет АҚШ Өкілдер палатасында ең көп орын иеленді

179

АҚШ Демократиялық партиясы Өкілдер палатасындағы 435 мандаттың кемінде 258-ін иеленді.

Демократтар 1992 жылдан бері алғаш рет АҚШ Өкілдер палатасында ең көп орын иеленді Фото: life.ru

Бұл – 1992 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап. 

Жексенбі күні кешке демократ Чак Хаббард 48,7% дауыс жинап, республикашыл Вирджиния Фокстан 300 дауысқа озды. Тағы төрт округте жеңімпаз әлі анықталмады.

"Өкілдер палатасындағы демократтар осы ғасырда Конгресте кез келген партия иеленген ең үлкен көпшілікке қол жеткізді", – деді Өкілдер палатасындағы демократтар фракциясының жетекшісі Хаким Джеффрис.

Демократиялық партия Өкілдер палатасында соңғы рет 1992 жылы 258 орын алған болатын. 2008 жылы партия еншісінде 257 мандат болды. Ал республикашылдар 2015-2017 жылдары АҚШ Конгресінің төменгі палатасында 247 орынды еншілеген. 

2026 жылғы 3 қарашада өткен АҚШ-тағы аралық сайлауда Демократиялық партия Сенаттағы 100 орынның 56-сын жеңіп алды. Партияның атынан түскен кандидаттар Аляска, Техас, Канзас, Айова, Огайо, Оңтүстік Каролина және Миссисипи сияқты дәстүрлі түрде республикашылдар басым түсетін штаттарда жеңіске жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу