Демократтар Трампқа импичмент жариялау туралы қарарды Сенатқа енгізді

858

Егер құжат күшіне енсе, Трамп болашақта мемлекеттік лауазымдарға тағайындала алмайды және сайлауға қатысу мүмкіндігінен айырылады.

Демократтар Трампқа импичмент жариялау туралы қарарды Сенатқа енгізді Фото: rbc.ru

Демократтар АҚШ Сенатына бұрынғы президент Дональд Трампқа импичмент жариялау туралы қарар енгізді. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады.
Құжат "бүлікке итермелеу" бабына сүйеніп жазылған. 

Процесс 8 ақпанда басталып,тергеу соты форматында өтеді. Содан кейін Трампқа қатысты үкім шығарылады. Сенаторлардың үштен екісі импичментті қолдаса, демократтардың жоспары іске асады. 

Еске сала кетсек, АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы 13 қаңтарда бұрынғы президент елдегі толқуларға себепші деген айыппен импичмент енгізген еді. Осылайша Дональд Трамп ел тарихында палата екі рет импичмент енгізген  алғашқы президент атанған болатын.

Сенатта жеңіске жету үшін демократтар 17 республикашылдың қолдауына ие болу керек. Әзірге олардың шамамен алтауы импичментті қолдайтынын білдірді.Егер құжат күшіне енсе, Трамп болашақта мемлекеттік лауазымдарға тағайындала алмайды және сайлауға қатысу мүмкіндігінен айырылады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу