Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху АҚШ-қа сапары кезінде кәсіпкер Илон Маскпен кездескенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Кеше Конгрессте сөз сөйлегеннен кейін мен Вашингтонда Илон Маскпен кездестім. Біз жасанды интеллекттің мүмкіндіктері мен сын-қатерлерін, оның экономика мен қоғамға әсерін және Израильмен технологиялық ынтымақтастық жолдарын талқыладық", – деп жазды Нетаньяху өзінің Х әлеуметтік желісіндегі аккаунтында.
Бұған дейін Axios порталы өзінің есебіне сілтеме жасай отырып, АҚШ Конгресінің мүшелерінің жартысына жуығы сәрсенбіде Конгресс палаталарының бірлескен отырысында Нетаньяхудың сөз сөйлеу рәсіміне келмегенін https://inbusiness.kz/kz/last/harrissiz-kongress-aksh-demokrattary-netanyahudy-suyk-karsy-aldy хабарлады. Axios мәліметтері бойынша, Нетаньяхудың сөзін АҚШ Өкілдер Палатасының бұрынғы спикері Нэнси Пелоси де жіберіп алған.