Демонстранттарды деструктивті топтардың үндеуіне құлақ аспауға шақырамын – Президент

994

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында сұйытылған газ бағасы төмендетілетінін, өзге мәселелер ертең өтетін кеңесте қаралатынын жазды, деп хабарлайды  inbusiness.kz.  

Демонстранттарды деструктивті топтардың үндеуіне құлақ аспауға шақырамын – Президент

"Үкімет өз өкілеттігінің аясында елдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен Маңғыстау облысында сұйытылған газ бағасының әр литрін 50 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады.

Демонстранттарды еліміздің тұтастығы мен бірлігіне сызат түсіруді көздейтін деструктивті топтардың үндеуіне құлақ аспауға шақырамын. Басқа да әлеуметтік-экономикалық талаптар ертеңгі елордада өтетін кеңес барысында жеке қарастырылады"- деп жазды твиттерде Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу