Дене қызуы көтерілгенде емханаға баруға болмайды

1120

Тек жедел жәрдем шақыру керек. 

Дене қызуы көтерілгенде емханаға баруға болмайды

Нұр-Султан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сәуле Қисықова тұрғындарға дене қызуы көтерілген кезде жедел жәрдем шақыруға кеңес берді.

"Дене қызуы көтерілген кезде жедел жәрдем шақыру керек. Емханаға баруға болмайды. Бүгінгі күні емханалардың дене қызуы көтерілген адамдарға қызмет көрсету форматы өзгерді. Барлық аумақтық емханада жедел жәрдем бригадасы ашылды. Сондай-ақ, қалалық жедел жәрдем станциясы да бар. Сырқаттың қандай екенін дәрігер анықтайды", – деп түсіндірді медицина маманы.

Сәуле Қисықованың айтуынша, 1406 Call-орталығына қоңырау шалып, кеңес алуға болады.

"Денсаулық сақтау министрлігінің 1406 Call-орталығы жұмыс істейді. Бұл телефон нөмірі арқылы медициналық ұйымдар, емдеу сапасы жайлы және тағы басқа өздеріңізге қажетті ақпарат алуыңызға болады", – деп кеңес берді Сәуле Қисықова.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу