"Дене шынықтыру пәні мұғалімдері қосымша жұмыс іздейді"

777

"Үстемеақыны есептемегенде, айына 95 мың теңге ғана табады"

"Дене шынықтыру пәні мұғалімдері қосымша жұмыс іздейді"

Сенат депутаты Динар Нөкетаева жаңа оқу жылында кейбір мектеп пәндері бойынша "сағаттың" қысқаруы мұғалімдердің жалақысына кері әсерін тигізеді деп санайды. Бұл туралы ол премьер-министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Оның айтуынша, кейбір пәндер бойынша оқушыларды топқа бөлу тоқтатылған. Мысалы, дене шынықтыру мұғалімінде аптасына 24-27 сағат жүктеме болса, яғни 1,5-2 ставка, өңірлерде бір ставкаға да толмайтын. Қазір ол тіпті ірі мектептерде 17 сағатқа дейін, яғни бір ставкаға дейін төмендеген.

"Бұл дене шынықтыру пәнінің мұғалімі аптасына орташа 16 сағат базалық мөлшерлемемен жұмыс істейді, үстемеақыны есептемегенде, айына 95 мың теңге ғана табады деген сөз. Бұл жағдай мұғалімдерге қосымша жұмыс іздеуді қажет етеді", – дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу