"Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі": Аягөзде жасөспірім қыз 11 жасынан бастап туысқан ағасы зорлап келгенін айтты

1179

Аталған іске қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. 

"Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі": Аягөзде жасөспірім қыз 11 жасынан бастап туысқан ағасы зорлап келгенін айтты Фото: видео скриншот

Аягөзде Еркеназ есімді 16 жасар қыз мектепте дене шынықтырудан сабақ беретін туысқан ағасының өзін 11 жасынан бері зорлап келгенін айтты. Жасөспірім тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған қыз-келіншектерге үндеу жасап, үнсіз қалмауға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жәбірленушінің айтуынша, ағасы Еркебек Жұмаханов қыз 6 жаста кезде өзінің жыныс мүшесін көрсетіп, оны порнография көруге мәжбүрлеген. 

“11-12 жасымнан бастап зорлап келді. Құзырлы органдарға шағым түсірдім. Қылмыс дәлелденсе де, бір жылдың ішінде тергеу үш рет жабылды. Ол біздің ауылдағы мектепте дене шынықтырудан сабақ береді. Басқа да қыздарды жыныстық қатынасқа түсуге итермелеген. Олар бас тартқан, кейбірі “ұят болады” деп үндемей отыр. Мен сол қыздардың атынан сөйлеп тұрмын. Біз зорланғанымызға ұялмаймыз, керісінше, бізді зорлаған адам ұялсын”, – дейді Еркеназ.

Абай облысындағы балалар омбудсмені Эльзира Жүнісова Еркеназбен байланыста екенін, қазір оған психологиялық көмек пен қолдау көрсетіліп жатқанын айтты.

“Мен Еркеназдың биологиялық анасымен телефон арқылы сөйлестім. Еркеназ психологиялық қолдау орталығынан психологиялық көмек алады. Колледж әкімшілігі жатақханадан бір бөлме берді. Біз Қазақстан Республикасының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зәкиева Динара Болатқызымен, білім басқармасымен, облыстық прокуратурамен және басқа да мүдделі құрылымдармен бірлесіп жұмыс істейміз. Прокуратура мән-жайды тексеріп жатыр”, – деп жазды Эльзира Жүнісова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу