Дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға бөлінген мемлекет қаржысына тексеріс жүргізіледі

437

Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігі хабарлады. 

Дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға бөлінген мемлекет қаржысына тексеріс жүргізіледі Фото: ortcom.kz

Спорттық-сауықтыру іс-шараларының, нысандардың, құрама командалардың, бұқаралық спорттық іс-шаралардың, федерациялардың рейтингісі мен қауіптері көрсетілген тізбесі қалыптастырылды.

Сондай-ақ, саланы қаржыландырудың жолдары мен көлемі, оның ішінде демеушілік көмек көлемін анықтау бағытында жұмыстар жүргізілуде.

2023 жылдың 6 айында ғана Агенттікте жалпы сомасы 269,3 млн теңге залалы бар 21 іс тергелуде.
Айта кетейік, ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге сәйкес, 2019-2023 жылдар аралығында спортты дамытуға шамамен 300 млрд теңге бөлінген.

Агенттік тауарлар мен қызметтерді жоғарылатылған бағамен сатып алу, қызмет көрсетудің нақты орындалмауы және басқа да бұзушылықтар бойынша талдау жүргізеді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде спортты дамытуға бөлінген бюджет қаражатының ұрлануына жағдай туғызатын себептерді анықтау және мұндай заң бұзушылықтардың алдын алатын тетіктерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жоспарлануда.

ҚМА мемлекеттік бюджет қаражатын жымқыру үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу