Дене тәрбиесі сабағынан кейін 5-сынып оқушысы көз жұмды

900

Қазаның себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады.

Дене тәрбиесі сабағынан кейін 5-сынып оқушысы көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында дене тәрбиесі сабағынан кейін он жасар оқушы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға кеш, қалаға іргелес Зеленов ауданы Асан ауылындағы мектепте орын алды. 5-сыныпта оқитын бала дене тәрбиесі сабағы кезінде өзін жайсыз сезінген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, мектепке жедел жәрдем сағат 17.52-де шақыртылды.

"Жедел жәрдем көлігі бес минуттан кейін жетті. 2008 жылғы баланың жағдайы өте ауыр болғандықтан, ол жақын маңдағы емдеу орны – қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер барлық жансақтау шараларын жасағанымен, баланың өмірін сақтау мүмкін болмады. Өлімнің себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады", - деді Айгүл Сақпосынова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу