"Денесі қатты күйген": Ақтөбедедегі жұмыс орнында зардап шеккен қызметкердің жағдайы белгілі болды

419

Ақтөбе облысында кәріз-сорғылау бекетінің операторының жағдайы қатты ауыр.

"Денесі қатты күйген": Ақтөбедедегі жұмыс орнында зардап шеккен қызметкердің жағдайы белгілі болды Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы облыстық жедел жәрдем ауруханасының дәрігерлері айтты. Кеңқияқ ауылдағы станциясының жұмысшысы  санитарлық авиациямен облыс орталығына жеткізілген болатын.

"Денесінің 95% -ын күйік шалған. Тыныс алу жолдары да күйіп қалған. Шок жағдайында жатыр. Халі- өте ауыр. Басы, беті, мойны, денесі, арқа тұсы қайтты күйген", деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, облыстық әкімдігіндегілер, оқиғаның  кеше түнде болғанын айтқан еді. Мекеменің операторы  кәріз жинау бекетінде сіріңке тұтатқан. Сол сәтте газ толы ауамен араласып, лап еткен.  Зардеп шеккен әйел адамды әуелі Кеңқияқ ауылдық ауруханасына жеткізіп, алғашқы медициналық көмек көрсетеннен кейін облыс орталығына алып келді. Қазір станциядағы оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр. Ал нысан штаттық режимде жұмыс жасап тұр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу