"Денесі су бетіне қалқып шыққан": Ақтөбеде жоғалған ерекше бала табылды

1065

Ақтөбе облысында полицейлер жоғалып кеткен ерекше баланың мәйіті табылғанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Денесі су бетіне қалқып шыққан": Ақтөбеде жоғалған ерекше бала табылды Фото: ТЖМ

Жоғалғаны баланы іздеу жұмыстары 4 тәулікке жалғасқан еді.

Кәрім Жетіру 4 маусым күні сағат шамамен 17:00-де ауладан шығып, белгісіз жаққа кетіп қалды. Содан бері еріктілер, полиция, ТЖД қызметкерлері оны судан да, далалықтан да іздеді.

"Бүгін 13 жасар жоғалған баланың денесі судан табылды. Ақтөбе облысы ТЖД жедел құтқару жасағының құтқарушылары Елек өзені, аймағында сағат 09:45-те жағадан 15 метр қашықтықта 1.5 тереңдіктен жоғалған баланың денесін судан шығарды. Қазіргі таңда денесі полиция қызметкерлеріне берілді", – деп хабарлайды ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Баланы іздеуге 500-ге жуық адам жұмылдырылды.

"Кәрім Жетірудің денесі Елек өзенінен, Юрта мейрамханасының манынан табылды. ​Полиция, еріктілер және бей-жай қарамайтын азаматтар жоғалған баланы іздеуге қатысты. ​Полиция тергеу жүргізіп, қажетті сараптамалар тағайындады. Полиция департаменті туыстары мен жақындарына көңіл айтады", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу