"Денесін үш баласының жанына тастап кеткен": Ақтөбеде бұрынғы әйелін өлтірген ер адам сотта не себепті бұндай әрекетке барғанын айтты

881

Қайғылы оқиға 2024 жылдың 31 қаңтарынан 1 ақпанға қараған түні Темір ауданының Шұбарши ауылында болған.  

"Денесін үш баласының жанына тастап кеткен": Ақтөбеде бұрынғы әйелін өлтірген ер адам сотта не себепті бұндай әрекетке барғанын айтты Фото: Stan.kz

Ақтөбеде бұрынғы әйелін қылқындырып өлтіріп, денесін үш баласының қасына тастап кеткен айыпталушы сотта оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сотталушының айтуынша, ол бұрынғы әйелін өлтіремін деп ойламаған, мақсаты жұбайымен қайта қосылу болған. 

“Ауылға 00:30 шамасында кірдім. Жолда дүкенге соқтым. Шамамен 00:40 шамасында үйдің терезесін қақтым. Есікті Айбанудың өзі ашты. Тие берсін… Кіргізді. Құшақтадым. 20 минуттай сөйлестік. Үш күн бұрын да ол ауылға бардым. Арамыз жақсы болып келе жатты. Оған Аралдағы маманың үйіне немесе қаладағы пәтерде тұрайық, шешейік, қосылайық деп айттым. Ол кесіп айтты. “Ешқайда бармаймын. Қосылғың келсе, біздің қасымызға тұр” деді. Айқай болды. Шәйнектің қасында тұрғаны есімде. Әрі қарай не болғаны есімде жоқ. Мен қатты ашуландым. Үйден қалай шығып кеткенім есімде жоқ. Таңертең бірінші Айбануға жаздым. Ол жауап берген жоқ. Сездім. 5 жастағы қызыма хабарласқанда “мама өлді” деп жылап жатты. Үлкен қызыммен сөйлестім. Нағашы апаларына хабарласуды сұрадым. Сол күні түстен кейін шығып бардым. Жауап алу кезінде түнде келгенімді айттым. Мен оны өлтіремін деп ойламадым. Қызғандым. Қалай жасағанымды, қалай қолымның барғанын білмеймін. Менің мақсатым қосылу болды. Ауылға сол үшін бардым. Таксиді қонып қалсам, жіберемін деп ойладым. Қонбасам, қайтамын деп ойладым. Бәрі ашумен болды. Мойындаймын”, – деді айыпталушы жауабында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу