Қазақстандық, әлемнің 190-ракеткасы Денис Евсеев Канберра (Аустралия) челленджер турниріне жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында дүниежүзілік рейтингте 217-орында тұрған босниялық Нерман Фатичпен шеберлік байқасты.
Д.Евсеев 6:2, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті.
Ол бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта эйс жасамағанымен, 9 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ.
Н.Фатич 4 эйспен ғана шектелді.
Осылайша Денис Евсеев негізгі турнирге жолдама алды. Денис алғашқы айналымда әлемнің 119-ракеткасы, словакиялық Алекс Молчанмен сынға түседі.
Ал тағы бір қазақстандық, әлемнің 222-ракеткасы Тимофей Скатов күтпеген жерден рейтингте 1388-сатыда тұрған аустралиялық Кейси Хулден жеңіліп қалды — 2:6, 5:7.