Денис Евсеев Ирпендегі ITF турнирінде жеңіске жетті

839

Финалда Евсеев бельгиялық Арно Бовиден екі сет қорытындысы бойынша басым түсті.

Денис Евсеев Ирпендегі ITF турнирінде жеңіске жетті Фото: olympic.kz

Украинаның Ирпень қаласында үлкен теннистен ITF сериясы аясындағы турнир тәмамдалып, ерлер арасындағы бәсекеде қазақстандық Денис Евсеев жеңіске жетті деп хабарлайды Olympic.kz. 

Финалда Евсеев бельгиялық Арно Бовиден екі сет қорытындысы бойынша басым түсті. Есеп - 6:1, 6:3.

Айта кетелік,  Turboatom Cup турнирі World Tennis Tour аясындағы жарыстар тізбегіне кіреді. Турнирдің жүлде қоры – 15 000 АҚШ доллары. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу