Денис Евсеев Түркияда Ыстанбұл жарысының ширек финалына шықты

418

Теннисші жартылай финалға шығу үшін словакиялық Лукаш Клейнмен таласады.

Денис Евсеев Түркияда Ыстанбұл жарысының ширек финалына шықты

Қазақстандық, әлемнің 271-ракеткасы Денис Евсеев Ыстанбұл (Түркия) челленджер турнирінің ширек финалына шықты. Алдымен ол әлемнің 217-інші, осы жарыстың 8-ракеткасы, словакиялық Норберт Гомбошты 4:6, 6:1, 6:2 есебімен жолдан тайдырды.

Бүгін Д.Евсеев екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 669-сатыда тұрған түркиялық Корай Кирчимен бақ сынасты. Денис 1 сағат 21 минутқа созылған матчта 6:2, 7:6 (7:3) есебімен жеңіске жетті.

Денис Евсеев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 155-інші, доданың 3-ракеткасы, тағы бір словакиялық Лукаш Клейнмен таласады. Соңғы кезде тым-тәуір өнер көрсетіп жүрген қазақстандық теннисші ATP Live рейтингісінде қазіргі таңда 258-орынға көтеріліп тұр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу