Денис Кузин төрт құрлық чемпионатында топ жарды

536

Канаданың Калгари қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы да жүлдемен толықты, деп хабарлайды Olympic.kz.   

Денис Кузин төрт құрлық чемпионатында топ жарды

Ерлер арасында 1 000 метрге жарысудан қазақстандық Денис Кузин алтын жүлдегер атанды. Ол АҚШ және Тайпей спортшыларының алдын орады. 

Әйелдер арасында 1 000 метрге жүгіруден Екатерина Айдова жеңіс тұғырына көтерілді. Ол жеңімпаз Тайпей спортшысынан 1.04 секунд ұтылып, күміс медаль иеленген. 

Ерлер арасындағы командалық жарыста Канадаға есе жіберген Қазақстан құрамасы екінші орыннан көрінді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу