Сенатта Жоғарғы Соттың жаңа судьясы сайланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті өзінің кеңейтілген отырысында Президенттің Жоғарғы Сотының судьясы қызметіне сайлауға ұсынылған кандидатураны талқылап, қарау нәтижесі бойынша қорытынды шығарды. Президенттің ұсынуы негізінде және Конституцияның 55-бабының 1-тармақшасына, "ҚР Парламенті және оның депутаттары туралы" конституциялық заңның 22-бабына, "ҚР Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" конституциялық заңның 31-бабы 1-тармағына сәйкес комитет Парламент Сенатына Денис Алексеевич Шиппті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қызметіне сайлауды ұсынады", - деді сенатор Нұрлан Бекназаров.
Айта кету керек, Мемлекет басшысының 2024 жылғы 19 қыркүйектегі Жарлығымен Денис Шипп Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымынан босатылған болатын.