Денис Тен Атырауда шеберлік сағатын өткізді

1187

Денис Тен Атырауда шеберлік сағатын өткізді

Сочидегі Олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Тен Атыраудағы мәнерлеп сырғанауды ұнататындар үшін шеберлік сағатын өткізді, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Денис Тенннің шеберлік сағаты Мұз айдыны сарайында өтіп, 500-ден аса көрермен тамашалады.
Бүгінгі таңда Атырау облысында мәнерлеп сырғанаумен 3 -14 жас арасындағы 60-қа жуық бала айналысуда.  Денис Теннің Атырауға келуі жас спортшылардың жаңа жеңістерге ұмтылуына серпін болады және Атырау облысында осы қысқы спорт түрінің дамуына септігін тигізеді.
"Соңғы уақытта біздің өңірде спортпен шұғылдануға, жауынгерлік өнерге көп көңіл бөлінуде. Қысқы спорт түрлеріне де назар аударатын кез келді" - дейді спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Азамат Бекет.
Мәнерлеп сырғанаудан Сочидағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Теннің өзі атыраулық мәнерлеп сырғанаушылардың дайындығын жоғары бағалап, шеберлік сағатының Атырау облысындағы осы спорттың дамуына үлкен үлес қосатынына сендірді. 
"Бірінші кезекте облыс басшылығының спортты, соның ішінде мәнерлеп сырғанауды дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өту керек. Балаларға сапалы жаттығу жұмыстары үшін барлық жағдай жасалған – жақсы мұз жабындысы бар заманауи Мұз сарайы, сонымен қатар тәжірибелі жаттықтырушылар. Атыраудағы мәнерлеп сырғанаудың болашағы зор деп ойлаймын",- дейді Денис Тен. 
Бүгінде қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы жарақаттан кейін қалпына келіп жатыр. Таяу уақытта Денис Тен мұзға шығып, жанкүйерлерін жаңа жобамен қуантады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу