Сочида өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Атыраудағы жанкүйерлерімен кездеседі, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
"Соңғы уақытта біздің өңірде спортпен шұғылдануға, жауынгерлік өнерге көп көңіл бөлінуде. Қысқы спорт түрлеріне де назар аударатын кез келді. Атап айтқанда, Атырау облысында қарқынды дамып жатқан мәнерлеп сырғанау спортына", – дейді Азамат Бекет.
Бүгінгі таңда Атырау облысында мәнерлеп сырғанаумен 3 жастан 14 жасқа дейінгі 58 адам айналысуда. Олардың ішінде басым көпшілігі - қыздар.
Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада ойындарының чемпионы Денис Тен 27-сәуір күні 19.00-де Мұз айдыны кешенінде Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтарына шеберлік сағатын өткізеді. Шеберлік сағатына кіру тегін.