Денис Тен Қысқы Универсиадада ел намысын қорғайды

992

Денис Тен Қысқы Универсиадада ел намысын қорғайды

Мәнерлеп сырғанаудан еліміздің студенттер құрамасы келер жылы Алматы қаласында өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға қызу дайындалуда. Бұл туралы Универсиада дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап "ҚазАқпарат" хабарлайды.

 "Мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық команда алдағы студенттік ойындарға қызу дайындықты бастап кетті. Денис Тен мен Абзал Рақымғалиев сынды ерлер құрамасы АҚШ-та жеке бапкерлермен жаттығып жатыр, ал әйелдер құрамасындағы Айза Иманбек пен Регина Глазман Алматыда дайындалуда", – деді мәнерлеп сырғанау бойынша Қазақстан құрамасының бас бапкері Құралай Узурова.

Бапкердің айтуынша, өткен юниорлар арасындағы Гран-Приде Айза Иманбек жақсы нәтиже көрсеткен. Барлық бапкер Универсиада-2017 ойындарында Айза Иманбектің үздік 10 спортшының қатарына енетініне сенімді.

"Біз алдағы Универсиада-2017 ойындарында медальдар жеңіп алуға тырысамыз. Алтын жүлдеге негізгі үміткер Денис Тен, ол студенттік ойындарға қатысуға шешім қабылдады және қазір жоғары деңгейде өнер көрсету үшін дайындық үстінде", – деп атап өтті Қ.Узурова.

Алдағы Универсиада 2017 ойындарындағы Қазақстан құрамасы сапында мәнерлеп сырғанау бойынша 10 спортшы бақ сынайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу