"Denis Ten Memorial Challenge 2021" турнирінің қорытындысы шығарылды

614

Нұр-Сұлтанда 28-31 қазан аралығында "Denis Ten Memorial Challenge 2021" II Халықаралық турнирі өтті. Жарысқа 16 елдің спортшылары қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Denis Ten Memorial Challenge 2021" турнирінің қорытындысы шығарылды

Жарыс "Барыс Арена" мұз сарайында өтті. Мәнерлеп сырғанаудан "Denis Ten Memorial Challenge" Халықаралық турнирі халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) қолдауымен "Challenger" сериясының жетінші кезеңі болып табылады. Спорттық жарыстар осымен екінші рет өткізіліп отыр, шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық Олимпиада комитеті және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Денис Тен қоры ұйымдастырды.

Естеріңізге сала кетейік, жарыс жасөспірімдер мен ересектер арасында жеке және жұптық сырғанаудан, сондай-ақ мұз үстінде билеуден өткізілді. Турнирге 16 елден спортшылар қатысты, қатысушылар қатарында 2021 жылғы әлем чемпионатының жүлдегерлері, 2022 жылғы Пекинде өтетін Олимпиада марапаттарына үміткерлер бар.

Спорттық іс-шараның қонақтары Олимпиада чемпиондары, халықаралық турнирлердің жүлдегерлері Алексей Урманов, Анжелика Крылова, Сергей Давыдов, Федор Климов болды.

Турнирдің төрешілік құрамына ISU Халықаралық Федерациясының жоғары санатты 36 төрешісі кірді.

Жарыс нәтижелері келесідей:

Ерлер, жекелеген разряд:

1. Петр Гуменник (Ресей)
2. Марк Кондратюк (Ресей)
3. Андрей Мозалев (Ресей)

Әйелдер, жекелеген разряд:

1. Виктория Сафонова (Беларусь)
2. Екатерина Рябова (Әзербайжан)
3. Анастасия Шаботова (Украина)

Мұзда билеу:

1. Анастасия Скопцова / Кирилл Алешин (Ресей)
2. Александра Назарова / Максим Никитин (Украина)
3. Елизавета Худайбердиева / Егор Базин (Ресей).

Жарыс атақты мәнерлеп сырғанаушылар мен олардың шәкірттерінің қатысуымен өткен гала қойылыммен аяқталды.

Іс-шара барлық санитарлық нормалар мен карантин талаптарын сақтай отырып өткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу