Мәнерлеп сырғанаушылар арасындағы қазақстандық танымал спортшы Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир қазан айының 28-31 аралығында өтеді.
Биыл екінші рет өтіп жатқан халықаралық доданы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Мәдениет және спорт министрлігі, сондай-ақ Ұлттық Олимпиада комитетінің қолдауымен "Денис Тен қоғамдық қоры" ұйымдастыруда.
Жарыс жасөспірімдер мен ересектер, жекелей және жұптық сындар, сондай-ақ мұз үстіндегі би бағдарламалары бойынша өтеді. Турнирге 20 елден 100-ден аса спортшы қатысуда. Олардың ішінде 2021 жылы өткен әлем чемпионатының жүлдегерлері мен 2022 жылы Пекинде өтетін қысқы Олимпиада ойындары жүлдесіне үміткерлер де бар.