Денис Тен 9-орыннан көрінді

1104

Денис Тен  9-орыннан көрінді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен Ресейде "Rostelecom Cup 2017" гран-при турниріне қатысты. Димаш Құдайбергеннің орындауындағы "SOS d'un terrien en détresse" композициясымен мұз айдынына шыққан отандасымыз жүлделі орыннан көріне алмады, деп хабарлайды vesti.kz.
Денис Тен тамыз айында Кореядағы "Ice Festa" шоуы қарсаңында жарақат алып қалған болатын. Одан бергі аралықта емделіп, қысқы маусымға дайындалды. "Rostelecom Cup 2017" жарақатынан кейінгі осы маусымдағы алғашқы жарысы болды.
Мәскеудегі гран-при турнирінде қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы 214.35 ұпаймен 9-орын алды. 293.79 ұпай жинаған америкалық Натан Чен жеңімпаз атанды. Күміс медальды жапониялық Юзуру Ханью (290,77 ұпай) иеленді. Үштікті ресейлік Михаил Коляда (271,06 ұпай) түйіндеді.
Қыздар арасында ел намысын қорғаған Элизабет Тұрсынбаева 184.95 ұпаймен 8-орыннан көрінді. Жарыстың алтын жүлдесі ресейлік Евгения Медведеваға (231,21 ұпай) бұйырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу