banner

Денис Тенді еске алуға арналған турнирге 15 елден спортшылар қатысады

1699

Турнир бүгін Алматыдағы "Халық Арена" спорт кешенінде басталады.

 Денис Тенді еске алуға арналған турнирге 15 елден спортшылар қатысады

Бүгін Алматыдағы "Халық Арена" спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан ересектер мен жасөспірімдер арасында Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Күндізгі сессияда жасөспірімдер сынға түссе, кешкі сессияда ересектер бақ сынайды. 

Турнирдің салтанатты ашылу рәсімі 17:00-ге жоспарланған. 

Турнирге 15 мемлекеттен спортшылар қатысады. Олимпиада ойындарының жүлдегерін еске алуға арналған Denis Ten Memorial Challenge турнирін Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) өткізіп отыр.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу