Денис Тенді өлтірді деп айыпталған күдікті кінәсін мойындады

1015

 Денис Теннің өліміне қатысты сот ісі Алматыда жүріп жатыр. Айыпталушылар қатарында үш адам: Нұралы Қиясов, Арман Құдайбергенов және Жанар Толыбаева. 

Денис Тенді өлтірді деп айыпталған күдікті кінәсін мойындады

Денис Тенді пышақтады деп айыпталған Нұралы Қиясов өз қылмысын толық мойындады. Сот барысында ол: "Мен барлық айыптауды мойындаймын, бірақ біз алдын ала жоспарлаған жоқпыз",  – деді.

Сондай-ақ, қаза болған спортшының анасынан және барлық қазақстандықтардан кешірім сұрады.

Айта кетсек, Денис Теннің өліміне қатысты сот ісі Алматыда жүріп жатыр. Айыпталушылар қатарында үш адам: Нұралы Қиясов, Арман Құдайбергенов және Жанар Толыбаева.

Мәнерлеп сырғанаушы 2018 жылдың 19 шілдесінде, Алматы қаласының қақ ортасында күндіз автокөлік ұрыларының қолынан қаза тапқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу