Денис Тенді өлтіруге қатысты іс бас прокурордың бақылауына алынды

627

 Денис Тенді өлтіруге қатысты іс бас прокурордың бақылауына алынды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімі бойынша істің тергелуін ҚР бас прокуроры өз бақылауына алды. Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

"Алматы қаласында Денис Тенді өлтіруге қатысты іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қылмыстық істі тергеу үшін ІІМ және ІІД-нің тәжірибелі қызметкерлерінен тұратын жедел тергеу тобы құрылды. Іс бойынша процестік прокурорлар тағайындалды. Тергеу барысы бас прокурордың бақылауына алынды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу