Денис Теннің алыс-жақын шетелдегі достары Қазақстан халқына көңіл айтуда

923

Денис Теннің алыс-жақын шетелдегі достары Қазақстан халқына көңіл айтуда

Денис Теннің алыс-жақын шетелдерлегі достары Қазақстан халқына көңіл айтуда, деп жазады ҰОК баспасөз қызметі.

2018 жылдың 19 шілдесі күні қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2014 жылғы Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің жүрегі мәңгілікке тоқтады. Көлік ұрлығымен айналысатын қаскөйлер тал түсте Дениске шабуыл жасап, елімізді талай мәрте жеңісімен қуантқан Чемпион бақилық болды. 

Денистің қазасы күллі Қазақстан халқы мен әлем спортының жанкүйерлерін есеңгіретіп тастады. Қақтығыс кезінде үш литрге жуық қан жоғалтқан спортшының қазасына сене алмаған спортшылар мен жанкүйерлер, қарапайым халық пен билік өкілдері өзек өртеген өкініштерін жасыра алар емес. 

Денис Тен 25 жылға созылған аз ғұмырында әлем чемпионатының тұғырына екі рет көтерілді. 2013 жылы Лондонда, 2015 жылы Шанхайда өткен әлем чемпионаттарында күміс және қола медаль иеленіп, 2014 жылғы Сочи Олимпиадасында Қазақстан құрамасына жалғыз жүлдені сыйлаған болатын. 2011 жылы Қысқы Азия ойындарында, 2017 жылы Универсиада ойындарында алтыннан алқа таққан чемпион туралы біз енді өткен шақта ғана жазамыз...

Денистің мезгілсіз қазасынан соң қазақстандық және әлемдік спорт сең соққандай күйге түсуде...Осыдан бір ай бұрын Астана төрінде "Денис Тен мен достары" атты мұзды шоу өткізіп, көрерменін қуантқан спортшының алыс-жақын шетелдегі достары Қазақстан халқына көңіл айтуда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу