Денис Теннің ескерткішіне еріктілер ақша жинай бастады

594

 Денис Теннің ескерткішіне еріктілер ақша жинай бастады

Медеу мұз айдынына қойылатын Денис Теннің ескерткішіне қазақстандықтар ақша жинауды бастады, деп хабарлайды Atameken Business.

Краудфандинг алаңы арқылы мыңнан астам адам ақша аударған. Қазір межеленген 10 млн теңгенің 4 пайызы жиналды.

Еске салсақ, қапыда қаза болған спортшының есімін есте сақтау үшін осындай бастама көтерілген еді. Жобаны Медеу мұз айдынының басшылығы да қолдап отыр.

Әзірге ескерткішті жасау үшін дизайнерлер арасында байқау жарияланады. Ал түпкі нұсқа халықтың дауыс беруімен таңдалады.  Ерікті қазақстандықтар smart-time.kz сайтында көрсетілген реквизиттер бойынша ақша аудара алады.       

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу