Денис Теннің ісі бойынша сотталған Жанар Толыбаева қайтадан түрмеге қамалды

1082

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің ісі бойынша сотталған Жанар Толыбаева қайтадан түрмеге қамалды, деп хабарлайды Аtameken Business.      

Денис Теннің ісі бойынша сотталған Жанар Толыбаева қайтадан түрмеге қамалды

Бұл туралы Алматы облыстық сотынан хабарлады. Айта кету керек, Жанар Толыбаева 2019 жылдың желтоқсанында жазасын едәуір жеңіл түріне ауыстыру туралы сотқа өтініш берген. Өткен жылдың басынан бері оның жазасы бас бостандығын шектеуге ауыстырылған болатын. Алайда араға бір жыл үш ай салып оны қайтадан түрмеге қамағаны белгілі болды. Оны Алматы облыстық соты жәбірленуші тараптың қайта шағымдануымен байланысты деп түсіндіреді. Жанар Толыбаева қазіргі уақытта баласымен бірге Алматы облысы Жауғашты ауылындағы ЛА-155/4 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу