Денис Тен пышақтан алған жарақатынан көз жұмды

774

Денис Тен пышақтан алған жарақатынан көз жұмды

Денис Тен 26 жасында пышақтан алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды vlast.kz.

Еске салсақ, бүгін Алматыдағы Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында түскі сағат 15:00 шамасында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Денис Тенді пышақтап кеткен еді.

"Спортшы көлігінің айнасын ұрлап бара жатқан екі адамның үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың нәтижесінде әлгі адамдар Денис Тенді пышақтап кеткен. Қазір күдіктілер іздестіріліп жатыр. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Бұл жұмысқа барлық ІІД құрамы жұмылдырылды", – деп жазады 24.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтемемен.

Ал дәрігерлердің айтуынша, Денис Тен ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен.

"Денис Тенді 19 шілде күні 14:56-да Жедел жәрдем стансасына пышақтап кетті деген хабарлама түсті. Оқиға орнына шұғыл түрде дәрігерлер жетті. Пациент Орталық клиникалық ауруханаға шұғыл жеткізілді. Ол оң жақ санының жоғарғы тұсынан жарақат алған. Сан тамырлары жараланған. Сыртқы қан тоқтамауы бар", – деді дәрігерлер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу